06.10.2021 ж Қордай ауданының Аухатты,Степной және аудан орталығы Қордай ауылында этнос өкілдерi тығыз шоғырланған аудандарында балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті.Семинар Жамбыл облысы ПД-ң ЖПҚБ-ң әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Диляфруз Абазқызы Кинжехановамен, Жамбыл облысы әкiмдiгiнің білім басқармасының бас маманы Мухтар Амангелдіұлы Керімбековтың ,сонымен қатар Ішкі саясат басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өтті.Өз кезегінде сөз алған Қордай аудандық ЖПҚБ-ң бастығы полиция майоры Беккулов Елдос Сейдалыұлы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау аясында біраз мағлұмат берді.Сонымен қатар , аудан аумағында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып,семинарға қатысушылардың біраз сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі