Бюджеттен қыруар қаражат бөлінетін ыстық тамақтың сапасына сын айтылды

1424 Сall-орталығына Түркістан қаласында орналасқан білім беру ұйымындағы балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына қатысты хабарлама келіп түскен, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған хабарлама негізінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аға офицері Г.Кансеитова, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік — психология» кафедрасы Әлеуметтік сала әдіскері А.Уразымбетова, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова және қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан шұғыл жиналыс өтті.

Жиын барысында сөз алған Гүлжамал Әбдуәліқызы білім саласындағы маңызды мәселе — оқушыларды сапалы тамақтандыру. Бұл мақсаттарға бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Қанша қаржы бөлініп жатса да, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етудің сапасы нашар екеніне шағым келтіруші ата-аналардың саны күн санап артып келеді, балаларға берілетін тамақтан ақша жасап қалғысы келетін жағдай әрине бұл, өте өкінішті.

Бұл мәселеге барлық білім бөлімі басшылығының назар аударуын қажет етеді, тиісті кешенді шаралар қабылдаңыздар, —  деп атап өтті.

Келесі кезекті сөз алған Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова білім беру ұйымдарында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оқушыларды сапалы ыстық тамақпен қамту білім бөлімінің назарында екенін, жиналыста айтылған мән-жайлар басты назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болып жатсаңыздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 1424 Call-орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.