Жазатайым оқиғаларды алдын алу

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жылу беру маусымында көп қабатты тұрғын үйлердегі өрттер мен улы газдың салдарынан жазатайым оқиғаларды алдын алу, халықтың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.Іс-шараға газ техникалық инспекциясының мамандары, көп пәтерлерлі тұрғын үйлердің сенімді өкілдері, пәтер иелерінің кооперативтерінің өкілдері және аудандық ТЖ басқармаларының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында үйішілік газ жабдығына қызмет көрсетуі бойынша мәселе қаралып, талқыланды. Бірлесе жүргізілетін кешенді іс-шаралар, оның ішінде үй аралау, насихаттау жұмыстары жоспарланды.

Шымкент қаласы ТЖД