Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «АФМ оnline 2024» форумы өтті

Жастардың қаржылық

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен 4 маусым күні жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «АФМ оnline 2024» іс-шарасы өткізілді деп жазады Ntime.kz AA.

Форумға еліміздің ең үздік 35 университеті, 20 мыңнан астам студент және 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлер онлайн режимде қатысты.

Форумда танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан, ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов және Зарина Кусманова модератор болды. «AФM Online’24» жаңа пікірталас алаңы Айгүл Мүкей, Юрий Ли, Рүстем Омаров, Андрей Чеботарев, Асель Ауелбекова секілді танымал медиа тұлғалар мен блогерлердің ақпараттық-танымдық бағытта талқылауымен әсерлене түсті.

Іс-шараның мақсаты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар қаржы пирамидаларын қалай анықтауға болатынын, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарға жол бермеуді және дроптардың кім екенін, оларға қарсы тұру тақырыбында пікір алмасты. Форумның қатысушылар қатарында Қаржы Мониторингі агенттігі өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Alayaq.net жоба басқарушылары мен көптеген қаржылық эксперттер бар.

Кездесуде барысында спикерлер блогерлермен қызықты кейстарымен бөлісті, өз кезегінде олар аудиториясына әрі қарай жеткізетін маңызды ақпарат алды.

Медиа тұлғалар үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін заңмен жаза қарастырылғаны түсіндірілді.

Бұл іс шараға онлайн трансляция арқылы Шымкент қаласы оқу орнынан Орталық Азия Инновациялық университеті мен Ж.Тәшенев атындағы университет студенттері, Шымкент қаласы әкімдігі мен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма мен Жастар ресурстық орталығы белсенді жастары мен Аманат партиясы жанындағы Жастар рухы ҚБ белсенділері қатысты.