Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы аудан тұрғындарына онлайн-режимде есеп берді.

Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы Абдраманов 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар бойынша Жетісай ауданы тұрғындарына онлайн-режимде есеп берді. Жиын барысында құқыққа қарсы іс-әрекеттердің, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу, жолын кесу және болдырмау бағытында жасалынған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар полиция полковнигі аудан көлемінде қылмыстық құқықбұзушылықтар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір төмендегенін атап өтті. Яғни, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары -50%-ға (8-ден 4-ке), тонау қылмысы -14,3%-ға (7-ден 6-ға), қарақшылық қылмысы -100%-ға (1-ден 0-ге), бұзақылық қылмысы 52,6%-ға (38-ден 18-ге), бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары -3,8%-ға (106-дан 102-ге), жеңіл және орта дәрежелі қылмыстары 4,6%-ға (284-тен 271-ге) және жеңіл дәрежелі қылмыстарының 12,8%-ға (133-тен 116-ға)кеміген. Қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы көрсеткіштер 29,1%-дан 35,2%-ға, хабар-ошарсыз жоғалғандар бойынша іздеу көрсеткіші 22,2%-дан 70,5%-ға жақсарған. Жергілікті полиция қызметі саласы бойынша бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны -41,2%-ға (85-тен 50-ге), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны -66,7%-ға (15-тен 5-ке) мас халде жасалған қылмыстар саны -20,9%-ға (67-ден 53-ке), топтасып жасалған қылмыстар саны -46,9%-ға (64-тен 34-ке),қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны -13,6%-ға (191-ден 165-ке),көшеде жасалған қылмыстар саны -18%-ға (139-дан 114-ке),қарумен жасалған қылмыстар саны -75%-ға (4-тен 1-ге) кеміген. Жол көлік оқиғаларының саны -63,8 пайызға,яғни 105-тен 38-ге азайған болса, қаза болғандар -42,9 пайызға 28-ден 16-ға, жарақат алғандар саны -64,1 пайызға 92-ден 33-ке төмендегенін мәлімдеді. Бұған қоса Е.Абдраманов ардагерлер мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына нақты жауап беріп, қосымша түсіндіріп, алдағы уақытта қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілетінін айтты. Полиция қызметкерлерінің жұмысынан хабардар болып, түсіндірме жұмыстарына риза болған аудан халқы Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығына өз ризашылықтарын білдірді.

ТО ПД баспасөз қызметі