Жиында ауданның мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

1. Көктем мезгіліндегі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету және игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары туралы.

2. Аудандағы бала-бақшалардың тәрбие жұмыстары және ыстық тамақпен, медициналық қажеттілікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы.

3. Аудандағы қаңғыбас иттер мен мысықтардан құтылу жолдарын шешу туралы.

4. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы.

Күн тәртібінде қаралған ауылшаруашылық және жер қатынастары, ветеринарлық және кәсіпкерлік бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдап, талқыланып және өз ойларымен бөлісті.

Қоғамдық кеңесі мүшелері, Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының орнына келген орынбасарының есебін тыңдауынан бас тартып, алдағы уақытта басшыларының есебін тыңдалатындығына шешім қабылдады.