«Жігер» абилитациялық іс-шарасы өтті

Жігер

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жігер» абилитациялық іс-шарасы өтті. «Жігер абилитациялық іс-шарасы» — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік қолдау бағдарламасы немесе іс-шара. Мұндай шаралар, әдетте, тұлғалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі мен жеке мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Бұл іс-шаралар денсаулық сақтау, білім беру, психологиялық және физикалық қолдау көрсету сияқты түрлі бағыттарды қамтуы мүмкін.

Жобаның мақсаты мүгедектігі бар адамдар арасында мотивациялық абилитациялық шоу ұйымдастырып, оларды шабыттандыру және жаңа мүмкіндіктерді ашуға қолдау көрсету.

«Жігер» іс-шарасы,  арнайы оқыту, реабилитация немесе кәсіби дайындық сияқты іс-шараларды ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік береді. Түркістанда өткен «Жігер абилитациялық іс-шарасы» осындай мақсаттарға қызмет етеді.

Шара барысында Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барша өнерпаздарға сыйлықтар табыстап,алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар шарада Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нурашев Нұржан қатысты. Жобаның бірінші бөлімінде мүгедектігі бар адамдар арасында Пауерлифтинг, Пара күресшілер, Шахмат, Қолкүрес, Бочча спорт түрі бойынша спортшылар марапатталды.

Жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап,би билеп және поэзия оқыды. Аталмыш жобада Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы TedX форматында өзінің өмір жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, түрлі кедергілер мен қиындықтан шығу жолдары жайында тәжірибелік ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.