Мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

жұмыстары

Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге полиция капитаны А.Сыздықов, полиция майоры А.Мырзахметова және Сүйемелдеу психологиялық секторының психологы К.Төлебаева және барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арнайы қатысты.

«Арыс толқындары» телеарнасының және «Арыс ақиқаты» газетінің тілшілері қызығушылық танытқан бұл жиынға 60-қа тарта мекеме қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта заңның қолданылу аясы анықталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі