Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қысқы кезеңге дайындық талқыланды. Отырыс қала әкімінің орынбасары – шұғыл әрекет ету жасағының командирі М.Айманбетовтің басшылығымен өтті. Қардан уақытылы тазарту үшін қаланың автомобиль жолдары күшейтілген бақылауға алынады. Қала халқын газбен, электр энергиясымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, тұрмыстық өрттердің алдын алуды күшейту қажет.Қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов адамдардың қауіпсіздігі мен өмірі бірінші орында тұрғанын атап өтті. Қыс мезгіліндегі кез келген ТЖ салдары ауқымды болуы мүмкін. Қорғау дәрежесі барлық қызметтердің — тек ТЖ департаментінің ғана емес, әкімдіктердің, жол қызметтерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және т. б. дайындығына тікелей байланысты.Баяндама жасаған қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының басшылары халықты электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету деңгейін атап өтті. Сонымен қатар, қала тұрғындары газ жабдықтарына үй ішінде қызмет көрсету бойынша саналы түрде шарт жасайтыны атап өтілді. Сондай-ақ, спикерлер бірінші кезекте аз қамтылған және көп балалы үйлерде газ дабылдарын орнату бойынша жұмыстарды одан әрі жүргізу қажеттігін атап өтті. ТЖ департаменті қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмысы атап өтілді.Комиссия төрағасы жылыту маусымының қауіпсіз өтуіне және улы және табиғи газбен уланудың алдын алуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін кеңінен түсіндіру, бірлескен рейдтер мен аулаларды аралауды жалғастыру тапсырылды. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы адамдарға улы газ датчиктерін орнатумен барынша көмектесу қажет.
Шымкент қаласы ТЖД