«Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында семинар өтті

Лайықты

Бүгінгі таңда қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтар мен адам саудасы жиі орын алады. Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, аяусыз мәселе – адам саудасы. Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Біздің елімізде де  балалар мен әйелдер, тіпті  ер азаматтардың өздері де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездесіп жатады.

Сонымен қатар  тұрмыстық зорлық-зомбылық проб­ле­малары қоғам үшін өзекті мәсе­ле­ге айналды. Еліміздің Президенті өз Жолдауында әйелдерге қарсы тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін жа­за­ны қатаңдатуды міндеттеді. Осы орайда балалар құқығын қорғау және тұр­­мыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – басымдығымыз болуға тиіс.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ырыс алды ынтымақ», «Ұлт аралық татулық» «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол берме, қыздар арасындағы ертежүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мамандармен кездесу өтті.

Кездесуге Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері, Шымкент қаласы ІІД-ның Еңбекші ПБ ЖПҚБ- ЮПТ УПИ полиция өкілі, Шымкент қаласының №6 теннис спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Олимпиадаға ізбасарлар дайындау мектебінің өкілі, №6 теннис спорт мектебінің аға жаттықтырушылары мен жеңімпаздары және 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуде тақырыпқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеш соңында жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында үстел теннисінің спорт шебері Халықаралық жарыстардың жүлдегері Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы Ералхан Дулат шеберлік сабағын өтткізді. Мектеп директоры Арыков Кайрат Тулегенулы да оқушыларымызға шеберлік сабағын көрсетті. Оқушыларымыз үстел теннисіне қызығушылығы артып, шеберлік сабақтан көптеген құнды мағлұматтар алды. Кеш соңында оқушыларымыз қонақтармен естелік суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.