Бүгін қос генерал, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен облыстық департамент бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90-ға жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты.
![генерал](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2024/03/3-1.jpg)
![Мұрат Қабденов](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2024/03/5-1.jpg)
![Ардагерлерге құрмет](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2024/03/1-4.jpg)
Арнайы іссапармен өңірге келген Айдар Мұталікұлы: «Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын…», — деп ізгі тілегін жеткізді.
Айта кету керек, ардагер Шаймерден Айтпенбетов ішкі істер органдарының барлық құрылымдарында қызмет еткен, өз саласының маманы. Ол Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, ІІМ-нің «Құрметті зейнеткері», бүгінде 8 ұл-қызынан 37 немере мен 17 шөбере сүйіп отырған абыз ата.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі