РЕЛИЗ «МИГРАНТ-2021»

ҚР ІІМ нұсқауын орындау мақсатында «Мигрант-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика көлемінде 2021 жылдың ақпан айының 15-19 аралығында өткізілуде.
Іс-шараның үш күнінде төмендегідей әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің келесі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
— Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) – 80 шетелдік;
— Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) – 70 ҚР азаматы тартылды;

  • Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы) – 24 тұлға тартылды;
    — Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 20 шетелдік азамат анықталып, ҚР аумағынан шығарылды.
  • сотқа дейін тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сәйкес 1 шетелдік азаматына қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК-нің 394-бабы бойынша «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру»).
  • Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды.

Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі



Be the first to comment on "РЕЛИЗ «МИГРАНТ-2021»"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*