Түркістан облысында ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Полицейлер Сауран ауданының 44 жастағы тұрғынын ірі көлемде есірткі сатты деген күдікпен анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан шамамен 70 гр «марихуана» тәркіледі.

Сонымен қатар полиция ер адамның үйін тінту кезінде құрамында есірткісі бар өсімдіктің тұқымы салынған 2 сіріңке қорабы, есірткіні қолдануға арналған құрал мен басқа да заттай дәлелдерді тапты. Қазіргі уақытта есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Барлық мәнжай анықталуда.

Түркістан облысы ПД