Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 05 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті .

Іс-шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудағы жиі кездесетін кемшіліктер талқыланып, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізудің тәртібі түсіндірілді.

Сонымен бірге, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау қағидалары, жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларын сақтау, жұмыстан тыс уақытта артық жұмыс жасау тәртібі, мемлекеттік қызмет өткеруге байланысты белгіленген шектеулерді сақтау, Агенттіктің осы бағыттағы атқарған жұмысы және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шарада талқыланған мәселелерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беріліп, қатысушылар пікір алмасып, мемлекетік органның қызметіне қарай тиісті ұсынымдар енгізілді.