Электронды сауда жасауға түркістандық тұрғындар оң көзқарас танытып келеді

Ақпарттық технология заманында берілген мүмкіндікті тиімді пайдалана білген жөн. Әңгіме электронды сауда төңірегінде болмақ. Бүгінде базарға бармай-ақ керек тауарды үйде отырып интернет арқылы табуға болады. Тіпті төлемді де телефон арқылы жасайсыз. Жалпы жас кәсіпкерлер үшін электронды сауданың тиімді тұстары қандай? Жаңашылдыққа халықтың көзқарасы қалай? Тереңінен тоқталып өтейік.

         Электронды сауда бүгінгі күні қарқынды дамып келеді. Заман талабынан қалмай өзімізге пайдалы тұстарын үйрену әсіресе кәсіпкерлер үшін қажет-ақ. Соңғы жылдары бұл жаңашылдыққа түркістандық тұрғындардың да бойы үйренген. Цифрлық сауаттың артуына орайқазір азаматтар мен кәсіпкерлер арасында берік байланыс орнаған.

         Айта кетейік, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мамандары қазір сауда жүргізу үшін электронды өтінімді беру арқылы рұқсатты электронды форматта алатынын жеткізді. 5 жыл қадағалау болмайды. Өйткені, сіз барлығын заң аясында талаптарға сай электронды түрде рәсімдедіңіз. Сауда да, егерде бір азамат бизнесін ашпақ болса,  бұл жерде қандай мүмкіндіктер барын ол геопортал арқылы біледі.

         Ақпараттық технология дамыған заманда тауарды базарда жайып қойып, қарап отырудың қажеті жоқ. Үйіңізде отырып ақ кәсіпкерлігіңізді дамыта бересіз. Тек  әлеуметтік желілер мен технологияны меңгерсеңіз болғаны. Тіпті коммуналдық төлемдерді де кезексіз, ұялы телефонмен жасайсыз. Адамдар күні бой дүкен аралап іздегені тапқанша, компьютер алдында отырып жарты сағат ішінде жүздеген затына тапсырып беріп, үйінен алыстамай-ақ сауда жасай алады. Бұл интернет-дүкеннің ең бірінші мақсаты. 

         Дамыған елдердің тұрғындары үшін интернет-дүкендерден сауда саттық жасау, қарапайым дүкендерді пайдаланатындай бүгінде олардың әдеттеріне сіңісіп кеткен. Көпшілігі тіпті, қарапайым дүкендерден қарағанда, интернет дүкендерді пайдаланғанды жақсы көреді, себебі жеңіл, жылдам, пайдалануға ыңғайлығымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр.Зерттеулерге сүйенсек, соңғы екі жылда карантин шаралары мен азаматтардың цифрлық сауаттылығының артуына байланысты онлайн сауда көлемі бірнеше есе өсті. Мәселен, әлемде бөлшек сауданың жалпы сомасындағы электронды сауданың үлесі 2020 жылы 18%-ды құраса, 2021 жылы 19,6%-ға жеткен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 13,6%-ды құраған еді.

Ал Қазақстанда бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі онлайн сауданың үлесі 2019 жылғы 3,8%-дан 2020 жылы 9,7%-ға бір-ақ өсті. Осы орайда, әлем және Қазақстандағы электронды сауданың дамуы, болашағы мен проблемалары, сонымен бірге азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру шаралары, ішкі нарықтағы онлайн сауданы дамыту тетіктері жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар. Әлемдегі электронды сауданың даму көрсеткіштері Электронды сауда — бұл мобильді қосымшалар мен интернет секілді электронды құралдар арқылы өнімді сату және сатып алу процесі. Бұл саланың дамуы соңғы онжылдықта қарқын алып, дәстүрлі сауда орындарының орнын ауыстыра бастады. Әлемдік Statista компаниясының болжамынша, бұл алдағы жылдары да даму динамикасын сақтайды. Мәселен, жаһандық онлайн сауда нарығы жыл сайын 5,1% көлемінде артып, 2028 жылы шамамен 12,16 миллиард долларға дейін жетеді. 2020 жылдың өзінде шамамен 8,3 миллиард долларды құраған. Оған қоса, бөлшек сауданың жалпы сомасындағы электронды сауданың үлесі де артып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, бұл көрсеткіш 2020 жылы 18%-ды құраса, 2021 жылы 19,6%-ға жеткен (4,9 трлн доллар). Ал 2019 жылы 13,6%-ды құраған болатын. Сарапшылардың болжамынша, бұл көрсеткіш келесі төрт жыл ішінде 50%-ға жетпек. Жалпы экономист мамандардың пайымынша, алдағы бірнеше жылда электронды сауда көлемі арта бермек. Төменде көрсетілген диаграммада жаһандық онлайн сауда айналымының 2019 жылдан қазірге дейінгі көрсеткіші, бөлшек саудадағы электронды сауданың даму деңгейі мен 2022-2024 жылдары күтілетін жорамалдар берілген.

Түйін: Таяқтың екі ұшы болатынындай, кез-келген нәрсенің өзіндік әсері болады. Интернет дүкендері де дәл солай. Барлық интернет-дүкендердің кемшілігі – ол тауарды қолға алып, ұстап көре алмау мүмкіндігінің жоқтығы. Тағы бір кемшілігі, сізге өте қажет болып тұрған тауарды, жеткізуді тағатсыздана күту. Алайда бұл кемшіліктің өзіндің оңтайлы жағы да бар. Себебі біз қарапайым дүкендерде жүрген кездерде, түр түсіне қарап қызығып, керексіз заттарды сатып алып, артына осы затты не үшін алдым деп өкініп жататын кездер жиі кездесіп жатады. Ал, интернет-дүкен арқылы тауарды алатын болсақ, тапсырыс келмес бұрын, сіз бірнеше рет ой елегінен өткізіп, тіпті сатып алудан бас тартуыңызда мүмкін. Кейбір адамдар, интернет-дүкеннің операторларымен жеткізу орыны және уақыты туралы келісудің қажеттілігі өзіндік ыңғайсыздық тудырып жатады. Сондықтан, көрсеқызарлыққа жол бермей ақылмен сауда жасау қажет.

Ntime.kz