Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіподақ қызметкерлерінің «Кәсіподақ жетекшілері» форумына қатысты. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен темір жол саласы кәсіподақ ұйымдарының 100-ден астам бастауыш кәсіподақ жетекшілері жиналды.Іс-шараны Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде бір ұжымдағы және жалпы елдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының одан әрі дамуы осыған байланысты.
Бұл ретте ҚРКФ төрағасы лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілетуде әлеуметтік серіктестермен тепе-теңдік қарым-қатынастарды құрудағы кәсіподақ қоғамдастығының басымдықтарын жүзеге асыруда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басты рөлін ерекше атап өтті. ҚРКФ басшысының айтуынша, жұмысшылардың ойларын өз құқықтарын қорғауға өзгерту, жұмыс берушіге қатысты «құлдық психологияны» жою, жеке кәсіптік бастамаларды дамыту бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің ең маңызды міндеті болып табылады.
«Кәсіподақ – өндірістік демократия мектебіне, кәсіби өзін-өзі тану мектебіне, азаматтық-құқықтық тәрбие мектебіне айналуы тиіс. Бастауыш ұйымдарды мысалға ала отырып, кәсіподақтарды барлық қызметкерлерге жаңа білім мен біліктілік беретін, үнемі үйренетін ұйымдарға айналдыру қажет. Біз адамдарға жаңа нарықтық жағдайларды тануға көмектесуіміз керек және өз мүшелеріміздің мүдделерін қорғауға дайын болуы үшін оқыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуіміз керек. Біреудің келіп, мәселені шешуін күтудің қажеті жоқ. Біз еңбек жанжалын шешуде де, өзекті мәселелерді шешуде де бастамашыл болуымыз керек. Кәсіподақтардың әлеуметтік мәселелерді бірте-бірте шешіп, орынсыз шиеленісулерді жоя білуі ел үшін аса маңызды. Кәсіподақтар федерациясы төрт ірі білім беру жобасын жүзеге асыруда: «Кәсіподақ көшбасшысы мектебі», «Жалпы құқықтық оқыту», «Кәсіподақ марафоны», «Кәсіподақ десанты». Өткен жылдың өзінде біз 721 оқыту семинарын өткіздік, оған 47 мыңға жуық кәсіподақ белсенділері қатысты. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады», – деді ҚРКФ басшысы.
Төраға еңбек жанжалдарының алдын алу шараларына ерекше тоқталды. ҚРКФ мәліметі бойынша, өткен жылы елімізде 84 еңбек жанжалдары тіркелсе, оның ішінде тек 31 кәсіпорында кәсіподақ ұйымдары болған.
Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары бұл кәсіпорындарда ереуілге әкелмей барлық келіссөздер үдерісіне қатысты, еңбек даулары жұмысшылардың мүддесі үшін шешілді.
Еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтаудың маңызды шараларының бірі – ҚРКФ Заң клиникасы филиалдарының қызметі. Кәсіподақ заңгерлері, медиаторлар мен адвокаттар бір мыңнан астам консультация жүргізіп, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша жұмысшылардың алты мыңнан астам өтінішін қарады.
ҚРКФ төрағасының айтуынша, кәсіподақ жетекшілерінің жұмыс берушілермен уақытша емес, тұрақты жеңілдіктер мен еңбек жағдайын жақсартатын көпшілікке көрінбейтін күрделі келіссөздер жұмысы ең жақсы нәтиже болып табылады. Осы жұмыс форматының арқасында Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда жанжал деңгейі 65 %-ға дейін төмендеді.
«Кәсіпорындағы кәсіподақтардың барлық қызметінің негізгі нәтижесі жасалған ұжымдық шарт деп есептейміз. Әйтпесе, бастауыш ұйым өзінің негізгі міндетін орындамай, қызметкер өз құқығын ұжымдық қорғауға жүгіну мүмкіндігінен айырылады. Бұл ретте ұжымдық келісімдердің сапасы мен кәсіподақтардың барлық келіссөз жұмыстарының тиімділігі ең өзекті мәселе», – деді ҚРКФ төрағасы.
Қауіпсіз еңбек жағдайларына тоқталған Сатыбалды Дәулеталин еңбекті қорғау үнемі қоғамның назарында болуы тиіс тақырып екенін атап өтті. Жыл сайын Қазақстанда 200-ден астам адам жұмыс орнында көз жұмады. Еңбек қауіпсіздігі заңнамасының сақталуына күнделікті қоғамдық бақылауды бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 18 мыңнан астам еңбекті қорғау техникалық инспекторлары жүзеге асырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер жұмыс істейді, олардың 86 %-ы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен құрылған.
Бұл ретте ҚРКФ басшысы қатысушыларды Өндірістік кеңестерді белсендірек құруға, техникалық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыруға, мемлекетпен күш біріктіріп, адамдардың мүдделерін қорғауға шақырды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс істеуде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы ерекше рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Федерация 2021 жылдан бастап еңбек ұжымдарымен тікелей «кері байланыс» жүйесін құрудың үлгісі болып табылатын «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясын өткізіп келеді.
Акция қатардағы кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақтар федерациясының басшылығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұмыс берушілермен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Жалпы, осы акция аясында онлайн режимінде 866 бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен, оның 64-і ҚРКФ басшылығының қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында 265-тен астам мәселе айтылып, оның 114-і оң шешімін тапса, қалғаны ҚРКФ-ның бақылауында.
«Шағын кәсіподақ еңбек қатынастары жүйесінде толыққанды әлеуметтік субъектіге айналуы үшін үш шарт қажет. Біріншіден, ол кәсіпқойларды, жоғары білікті мамандарды біріктіруі керек, оларсыз кәсіпорынды басқару қиын. Екіншіден, бұл адамдар өздерінің кәсіби шеберлігі мен ынтымақтың күшін түсінуі керек. Үшіншіден, оларда ортақ іске уақыт бөлуге дайын, үнемі бастықтардың «көзінде» болатын, еңбек тәртібін мұқият сақтайтын, заңдарды, ережелер мен ішкі тәртіп ережелерін білетін басшы болуы керек», – деді Дәулеталин Сатыбалды әріптестеріне.
Сөзінің соңында ҚРКФ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымдары назар аударуы тиіс басқа да қызмет бағыттарына, атап айтқанда, өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге қысқаша тоқталды.
Шара аясында ҚРКФ басшылығына арнайы Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Сатыбалды Дәулеталин ҚТЖ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін дамыту және арттыру, көлік саласындағы кадрларды аттестациялау, кадрларды іздеу және іріктеу негізгі мақсаттары болып табылатын Орталықтың қызметімен танысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы