Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №150 жалпы орта білім беретін мектебінде 24 — ақпан күні Абайдың рухани қазынасын жас ұрпақтың санасына сіңіру және Абайдың «Толық адам» концепсиясын жүзеге асыру оқушылардың классикалық шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлы ақынның поэзиясына, рухани мұрасына құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында : мектепішілік 2-10 сынып аралығында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.Байқау барысында оқушылар ұлы кемеңгер, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен меңгеріліп, қатысушылар бар өнерін ортаға салды. Қазылар алқасы: Уақыт талабы республикалық газетінің бас редакторы Ntime.kz АА директоры, мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы: Жайлыбаева Жібек Сәлімкерейқызы , директор орынбасары- Адильбекова Бахыт Тәуекеловна,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі -Өтеш Ақмарал Кентайбекқызы . Қазылар алқасы оқушылардың оқыған өлеңінің санына және мәнерлеп оқу, көркемдеп оқуына байланысты бағалады. Байқау жеңімпаздарына аудандық кезеңге жолдама берілді. Жарайсыздар! Құттықтаймыз!
Абайды бірге оқимыз!
