Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (Әрі қарай – Департамент) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсететін мемлекеттік қызмет бойынша бірнеше қала тұрғындары жазбаша наразылықтарын білдіріп, арызданды.
Аталған арыздарды қарау барысында, жер учаскесіне мемлекеттік акт беру мемлекеттік қызметінің мерзімдері өтіп кеткеніне қарамастан, осы күнге дейін қызмет нәтижесі берілмей келгендігі анықталды.
Осыған байланысты, арыздарда көрсетілген бұзушылықтар бойынша кінәлі қызметкерлердің іс-әрікеттеріне қатысты жауапкершіліктерін қарау үшін тәртіптік кеңесіне ұсынылып, азаматтардың қызмет нәтижелері беріліп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған QR-код көрсетілген Telegram (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) арнасы іске қосылған болатын. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша, азаматтар аталған арна арқылы сұрақтарын қойып, жүгіне алады.