Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаматтық қоғам, билік пен бизнес: серіктестік пен дамудың 30 жылдық белесі» атты конференциясы өтті.Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Nur Otan» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Шымкент қаласының азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:«Азаматтық қоғам институты: Саяси партиялар» тақырыбында «Nur Otan» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы;«Елімізде азаматтық қоғамды жетілдірудегі болашақ педагогтарды бейіндеу жұмыстары» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Сугирбаева Гульжан Даулетбекқызы;«Еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі» проректоры Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сакен Аралбаевич;«Құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық бірлестік «Саяси қауымдастықты зерттеу» Президенті Алияров Есенжол Каниевич;«Азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтың дамуы – «Рухани Жаңғыру» бағыттарының бірі» тақырыбында «Рухани Жаңғыру» ӨЖК жетекшісі Оралбаева Зауре Абдухамитқызы;«Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тәуелсіз мемлекетті құрудың тиімді» тақырыбында «Сана Сезім» ҮЕҰ бағдарламасының коррдинаторы Закутняя Вера Сергеевна.Кездесу соңы, конференция қарарын қабылдау бойынша «Саяси қауымдастық» қоғамдық бірлестігі, «Шымкент адалдық алаңы» және «Рухани Жаңғыру» меморандумға қол қоюға ұласты. Сондай-ақ, Шымкент қаласының азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков кездесу соңында бұған дейін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында меморандумға қол қойылғанын және аталған меморандум аясында тығыз байланыс орнатылып, жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, «10 қазан – Кәсіподақтар күні» мерекесімен құттықтап, қолдау білдірді.
Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы