Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтан төмен бағада саудалануда

азық-түліктер

Шымкенттегі 70-ке жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтан төмен белгіленген бағада саудалануда. Бұл жайында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мекамбаев Талғат Тойлибайұлы айтып берді.  Басқарма басшысы «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында бұдан бөлек, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдері жайында айтылды. Қазіргі таңда,  өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауарлар өндіруші бағасымен сатылуда. Оның ішінде:

— ірі сауда желілері «Magnum» және «Gramad»;

— халықтың тығыз орналасқан аймақтарында орналасқан үй маңындағы дүкендер;

 — сиыр етін өндірушілер «Каскасу-С», «Байтерек» және «Алтын төбе» шаруа қожалықтары;

— көкөніс тауарын өндіруші шаруа қожалығы «Колесников»;

 — нан пісіруші наубайхана ЖК «Темиршиков NAN ONIMDERI»;

— ұн өндірушілер «Дос» ЖШС, ЖК «Урунбеков М.Л.», ЖК «Анарметов»;

 — тауық еті мен жұмыртқасын өндірушілер «Қайнар құс» ЖШС және «Аймар құс», «КазКом Агро» ЖШС;

 — күнбағыс майын өндіруші ЖК «Урунбеков М.Л.»;

 — күнбағыс майын, құмшекер, күріш өнімдерін жеткізуші «Торговый дом Мейр Трейд» ЖШС. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында айналым механизмі аясында қарыз қаражат беру және форвардтық шарттар түзу жұмыртары іске асып жатыр; Сондай ақ тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу, делдалдық қызметті шектеу шаралары жүргізілуде. Еске салсақ, Шымкентте қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген. Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170 – 180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.