– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың қазан айында ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске асыруды ұсынды. Қазіргі таңда ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша осы бағыттағы қоғамдық бастамалар іске асырылуда.
Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдар жыл сайын өсуде. Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2023 жылдың 10 айында түскен өтініштердің жалпы саны 2376 құрап отыр. Оның 1631-і өтініш қанағаттандырылса, 614 өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 88 өтініш қайта бағытталды, 4-еуі талап арыз бойынша, 21і-н өтініш иесі қайтарып алса, қалған 18 өтініш қазіргі таңда қаралуда.
Қарлаған өтініштер негізінде тұтынушыларға 126 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды.
Салыстырмалы түрде 2022 жылдың 10 айында 1911 өтініш келген (2023 жылы 20%-ға өскен), қайтарылған 69,8 млн. теңге, айырмасы 2 есе.
Аталған көрсеткіштер халықтың тұтыну таңдаудағы деңгейінің артуын көрсетсе, екінші жағынан жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетеді, — деді спикер.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚР «Сауда және интеграция» Министрлігі жаңа редакцияда заң жобасын әзірлеуде.
Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды осы салада жұмысты үйлестіретін Омбудсмен енгізу арқылы қоғамдық институттарының функционалдығын арттыру ұсынылады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді сатып алу құқығына ие болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттары белгілі бір мәселе бойынша жиналған топтың құқығын қорғауға жол ашады.
Осы шаралар іске асырылғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғауда үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.