Түркістан облысы прокуратурасының ғимаратында облыс прокурорының өкімімен Сайрам ауданында және Түркістан қаласында құрылған «Айқын нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарының отырысы өтті.
Аталған жиында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қылмыстық салада заңдылықты нығайтудың жаңа тәсілдерін апробациялау, құқық бұзушылықтардың алдын алуды жетілдіру және азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында қабылданып жатқан шаралардың аралық нәтижелері талқыланды.
Өткен жылы өңірімізде қылмыстылық деңгейі 7,9%-ға төмендегенмен, алаяқтық 16,8%, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстары 40% өскен болатын.
Дегенмен облыс прокуратурасымен криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ профилактика субъектілерін үйлестіру жұмыстарын өңірдегі қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, қадағалау аумағында профилактика субъектілерінің жұмысын үйлестіру бағытында бірқатар шаралар қабылданды.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айында қоғам дертіне айналған алаяқтық 17,9%, оның ішінде интернет-алаяқтық 15,6%қылмыстары төмендеді.
Сонымен қатар, басқада кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұзақылық, ұрлық, тонау, кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстардың, сондай-ақ жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында біршама іс-шаралар жоспарлануда.
Мәжіліс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарымен нақты проблемаларды жасырмай анықтауға, тергеп-тексеру мен қадағалау сапасын арттыруға, халықпен кері байланысты күшейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берілді.
Облыс прокурорының орынбасары А.Саттар жұмыс топтарын нәтижеге бағдарланған тиімді жұмыс жүргізуге шақырды.
«Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту
