Акция сізге мол мүмкіндік береді

Бүгін ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» акциясының басталуына байланысты  Шымкентте  республикалық акция аясында қалалық көшпелі топ  аудандарға  барды.

Топ құрамы  Абай ауданына қарасты  Жанаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ елді мекендерінде Шымкент қалалық прокуратурасының құзырлы органдарымен бірлесіп, кездесу өткізіп жатыр.

Жалпы, бұл акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен.

Халықпен тікелей кездесуде , қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтармен бетпе-бет отырып, тыңдауда.    Сонымен қатар кейбір тұрғындарға  заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр. 

«Заң керуені» акциясы 4 қарашаға дейін созылады. Бұл  тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.  Сондықтан, мүмкіндікті мүмкіндігінше пайдалануға шақырамыз.

Сондай ақ  Шымкент қаласы №129 мектеп ғимаратында «Заң керуені» акциясы    ұйымдастырылды.  Оған Әл-Фараби ауданының  Сәуле»,«Текесу»,«Береке»,«Химфрам»,«Көркем» және «Ақтас» шағынаудандарының тұрғындары қатысып жатыр.

Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Хандиллаев, аудан әкімі Рашид Мыңбаев және 34 жергілікті атқару органының өкілдері бар.

–«Заң керуені» акциясы 1 қарашадан ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде басталды. Аты айтып тұрғандай бүгіннен бастап көшпелі топ қаладағы елді мекендерді аралап, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес береді. Одан бөлек қала прокуроры мен орынбасарлары күнделікті белгіленген кестеге сай тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі тұрғындарға кеңес беруге қаладағы барлық мекеме бір жерге жұмылуында болып отыр, — деді қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы.

Бүгінгі акцияға 100-ден аса тұрғын келген. Олар инфарқұрылым, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік төлемдер секілді мәселелердің шешімі жөнінде тиісті мамандардан кеңес алды.

Ntime.kz