Соңғы уақытта телефон алаяқтары азаматтардың ақшаларын иемдену үшін «дропперлер» (яғни курьерлер) деп аталатындарды пайдалану жағдайлары жиілеп кетті.
Мұндай істерді тергеу барысында телефон алаяқтары әртүрлі сайттар арқылы хабарландырулар орналастыра отырып, курьердің жұмысын ұсынатыны анықталды, аталған тұлғалар нұсқау бойынша әрекет етіп, оларға қылмыстық жолмен алынған ақшаны аударуы керек.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде курьердің адамдар тобымен зейнеткерге қатысты алаяқтық жасағаны үшін кінәсі дәлелденді.
Анықталғандай, алаяқ телефон арқылы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қызының өліммен аяқталған ЖКО жасағанын және істі оң шешу үшін ақша аудару қажет екенін айтқан.
Курьер ретінде қаланың 26 жастағы тұрғыны әрекет еткен, ол жәбірленушіден 15 млн.теңгеден астам ақша алып, оларды алаяқтың әртүрлі шоттарына аударып, жіберілген соманың 10% мөлшерін сыйақы ретінде өзіне қалдырған.
Сот үкімімен курьер ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Басқа қатысушыларға, оның ішінде қылмысты ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлініп, оларды анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің ақшалай қаражаттарын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай деректер туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Астана қаласының прокуратурасы