Алматыда Түркістан өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматыда Түркістан өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматы қаласында оңтүстік өңірден тарту ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Шарада 500 тоннадан астам ет, көкөніс пен жеміс-жидек, бақша өнімдері, балық және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының сапалы тауарлары бар. Өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада тұтынушыларға сатылуда.

Жәрмеңке Алматы қаласының тұрғындары өнімдерді базар бағасынан төмен әрі балғын ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алады. Аталған шара 27-28 қыркүйек күндері сағат 9:00-19:00 аралығында Алматы қаласындағы Панфилов және Қазыбек би көшелерінің қиылысы, Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы саябақтың автотұрағында өтіп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі