Қоғам тыныштығын сақтауда өзіндік үлесін қосып жүрген нәзік жанды аруларымыздың бірі — Гүлжан Құралбекова ішкі істер саласындағы алғашқы қызметін ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы болып бастаған.
Жұмысына жауапты полицей 2004 жылы көші-қон полициясына инспектор лауазымына тағайындалды. Содан бері ол көші-қон қызметінің тұрақты дамуына ат салысып жүрген қызметкер, бүгінде ел демографиясына да зор үлесін қосуда.
Себебі иығына майор шенін, мойнына «Алтын алқа» таққан Гүлжан Құралбекова бүгінгі таңда 8 перзент өсіріп отырған батыр ана. Полицей келіншек Гүлжан 2 ұл мен 6 қызды тәрбиелеуде.
«Әйелдің қырық жаны бар деген бабалар сөзімен толықтай келісемін. Әйел қауымы мықты, олардың қолынан бәрі келеді. Ана ол адамды өмірге әкеледі де, оны өсіріп дұрыс тәрбие беріп қалыптастырады да және ел тұтқасын ұстар азамат болуына да үлесін аямайды. Отбасы мен қызметті қатар алып жүру бұл әйелдің мықтылығын көрсетеді. Менің қызметіме қолдау білдіріп жүрген екінші анам енеме және асыл жарыма алғысым шексіз», —
Осы ретте батыр ана мен барша қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, шаңырағына құт-береке тілейміз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі