Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті

Аналар кеңесінің

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Бүгін Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.

Аталған жиынға: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.

Жиында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау барысы талқыланды.

Іс — шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.