Архив қорларының саны 96 % жетті

Бүгінде Түркістан облысының есепті мерзімде архив қорларының саны – 4856, ал сақтау бірліктерінің көлемі – 1 616 741-істі құрап отыр. Сондай-ақ, архив қорларының саны өткен жылмен салыстырғанда 96-ға (2%) өсті. Қазір архивтік қоймалардың толықтығы орташа есеппен 93,4%-ды құрап отыр.

Жалпы  мемлекеттік архивте сақталатын құжаттарды жылдар бойы ғылыми, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени басқару ісі мақсаттарына пайдаланады.  

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдай бойынша мемлекеттік архивтерде 1 756 741 сақтау бірліктері бар. Осы талдау деректері негізінде облыс бойынша цифрланған құжаттар саны 22 872-іс, пайызға шаққандағы үлесі 1,5 % құрап отыр.

Ntime.kz