Арыс аудандық сотында өзінің «балгерлік» қызметін қашықтықтан жүргізіп, жәбірленушіні алдап соққан сотталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы екінші бөлігінің 4–тармағымен қылмыстық іс қаралды.Істің мән-жайына сәйкес, 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны, сотталушы Ж.Б. өзіне «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жарнама-хабарламалар арқылы хабарласқан жәбірленуші Арыс қаласының тұрғыны Д.Ш.-ны оның күйеуін басқа әйелдің дуалап алғанын, оқып дуасын қайтара алатынын айтып алдап, сенімін теріс пайдаланып, ұялы телефон нөміріне тіркелген «Kaspi Goid» банктік шотына 37 000 теңге, дуа оқылыуын жалғастыру қажет деп алдап тағы 111 000 теңге, кейін дуа ауыр тиіп жатыр деп сылтаумен тағы 370 000 теңге аудартып, осылайша өзінің ешқандай дұға оқи алмайтынына және дұға оқу ниеті жоқ екеніне қарамастан, ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін теріс пайдалану арқылы жалпы сомасы 518 000 теңге материалдық шығын келтірген. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі таңда жәбірленушінің ақшасын толық қайтарып беріп, келтірілген зиянды өтегені, онымен татуласқаны, жасаған қылмысы үшін шын жүректен өкінетіні, жәбірленушіден кешірім сұрағаны, бұндай әрекеттер қайталанбайтыны жөнінде айғақ берді.Алайда сот, тараптардың татуласып, сотталушы жәбірленушіге келтірген зиянды өтеуіне қарамастан, оны жауаптылықтан босатуға негіз жоқ деп тауып, ҚР ҚК-нің 190-бабы екінші бөлігінің 4– тарғымен көзделген қылмысты жасағаны үшін бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Арыс аудандық соты