Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиыны өтті. Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, Қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен тасымалдау жұмыстарының барысы туралы Арыс қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Ақылбайдың баяндамасы;
2. Оқушыларды жазғы демалыстарында сауықтыру және лагерлерде демалуларын жолға қойылу туралы Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы міндетін уақытша атқарушы Қонақбай Ережеповтің баяндамасы;
3. Балалардың жазғы демалыс кезінде өзенге, көлге шомылу тәртібі және сақтық шаралары туралы Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Әуезхан Бейсеновтің баяндамасы тыңдалды.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін білдірді.
Жиын соңында Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Достанов осы жерде қойылған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерді назарға алып, жұмыс жүргізу қажеттігін атап айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер Қоғамдық кеңестің әрдайым бақылауында болатынын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.