Құрметті қазақстандықтар!
Ардақты Арыс қаласының тұрғындары!
Баршаңызды бүгінгі Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде бой көтерген бас қала күллі қазақ жұртының мақтанышы. Аз уақытта ажарланған Астана бүгінде елдің ғана емес, мемлекеттің де дамуы жолында еңбек етіп жатқан нағыз іскерлік ордаға айналды.
Сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған Елордамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекені екені анық.
Ең бастысы – тұрақтылық, түсіністік пен азаматтық, достық келісім бар. Бұл біздің басты жетістігіміз деп білемін.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды тағы да бас қаламыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана күні мерекесі қарсаңында отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін.
Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсын! Бас қаламыз гүлдене берсін!
Сапархан Умаров
Арыс аудандық сотының төрағасы