Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Түркістан қаласы Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу-баршамызға ортақ міндет» тақырыбында ата-аналар арасында жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Ж. Азретбергенова қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу екендігін, сонымен қатар, құқық бұзушылық – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретінін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекет екенін түсіндіріп өтті.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нарымбетов Ерғали ағай ата-аналарға заңның түрлерін түсіндіре өтті. Бейнеролик көрсету арқылы балалардың небір ойындарды ойнап, қандай іс-әркетке баратынын айтты.
Жиналыстың негізгі тақырыбы бойынша Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Аязов Шаһид мырза қазіргі таңда Түркістан қаласы көлемінде кәмелетке толмағандар арасында жалпы орын алып отырған құқықбұзушылықтарға тоқтала кетіп, қылмыс түрлерін саралап, оның жауапкершілігі жайлы түсіндіріп өтті. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың күндері мен сағаттары есептеліп, оның ата-анасының біріне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көрсетілген тәртіппен әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шара қолдану үшін сотқа жолданатынын, судьяның белгіленген сомада айыппұл салатынын айтып өтті.
Мектеп психологы Өтепова Гулзина ұстаз ата-аналар арасында тренинг жүргізді. Өсіріп отырған баламыз ақ парақтай кіршіксіз таза екенін, бірақ қалай бағыт-бағдар берсек солай кететін керемет түсіндірді.