Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жастар арасында атом электр станциясының (АЭС) қызметі мен оның экологиялық және экономикалық әсері туралы арнайы кино көрсетілімі тамашаланды.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың энергетика саласына деген қызығушылығын арттыруға және атом энергиясы туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Көрсетілім барысында фильм атом электр станцияларының жұмыс принциптерін, олардың тиімділігі мен қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, АЭС-тің экологиялық таза энергия көздерінің бірі екені, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудағы рөлі де атап өтілді.
Көрсетілім соңында жастар атом энергетикасы бойынша өз ойларымен бөлісіп, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл шараның мақсаты – болашақта еліміздің энергетика саласын дамытуға үлес қоса алатын жас буынның санасын ашу және жауапкершілігін арттыру болды.