Атқарылған жұмыстар мен алға қойған жоспарлар


Келісіп пішкен тон келте болмайды. Тағайындалғанына 100 күн болған Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев аймақтағы елдімекеннің бәрін аралады. Аттың сыры өзіне мәлім демекші, ауыл ақсақалдарымен кеңесіп, кем- кетікті түгендеді.

Аудандағы анықталған өзекті мәселелерді қамти отырып, ауданымыздың 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әр ауыл округі бойынша бекітті, деп хабарлайды “Ntime” ақпараттық порталы.

Өзіме жүктелген қызметке тағайындалып, бірінші кезекте 13ауыл округтердегі әр бір елді мекендерді аралап, ондағы ауыл ақсақалдары және тұрғылықты халықымен жүздесіп, ауылдың өзекті мәселелерін анықтап алдық.

Аудандағы анықталған өзекті мәселелерді қамти отырып, ауданымыздың 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әр ауыл округі бойынша бекіттік.

Бюджеттің ішкі кіріс бөлігінің жоспары 1 896,0 млн. теңгеге бекітілсе, қосымша 576,4 млн. теңгеге ұлғайтылып және 468,3 млн. теңге үнемделген қаржылар елді мекендерді аралау барысында көтерілген өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

Алға қойған жоспарымызды бекітіп алған соң, ауыл округтерді аралау барысында анықталған мәселелерді шешуге кірістік.

Инфрақұрылым бойынша: аудандағы елді мекендердің ауыз су және табиғи газбен қамту, елді мекен көшелерін жарықтандыру, елді мекеннің ішкі көшелерінің мәселелері ауылдың ғана емес ауданның өзекті мәселелері болып табылады. Бұл мәселелерді шешу кезең-кезеңімен жоспарға қойылған. Салалар бойынша тоқталсам:

Ауыз су

Аудан бойынша 64 елді мекеннің ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 59-ге жетіп, 92,2 % құрауда. 2021 жылы 1 елді мекеннің (Тесіктөбе) құрылыс жұмыстары аяқталып, аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды.

Сонымен қатар «Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев а/о Амангелді елді мекеніндегі ауыз су құбыры және су ұңғысының құрылысы» нысанының жалпы құны 222 259,4 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен аталған нысанға 22000,0 мың теңге қаржы қаралып, жеңімпаз мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекенінде орналасқан су ұңғымасына жоғары қуатты трансформатор орнатылып, қосымша су сорғы насосы қойылып, нәтижесінде Қызылқия, Ынталы елді мекендеріне су беру уақыты ұлғайту үшін аудандық бюджеттен 7,1 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілді.                      

Қазығұрт елді мекені Тоғаев көшесіндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу және Еңбекші Шанақ бағытындағы магистралды ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу, Үлгілі су қоймасынан Тілектес елді мекені аралығындағы жеткізуші ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына  54,96 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ақжар елді мекеніндегі ауыз су қоймасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 5,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Өзекті мәселелердің бірі болып тұрған 9 елді мекендердегі ауыз сулардың жер асты су қоры анықталуда (Айнатас 2(Жаңбыршы), Қарабу, Үшбұлақ, тілектес, ХХ-жылдық (Үшбастау), Қақпақ, Өндіріс, Еңбек, Тұрбат).

Ағымдағы жылы 2 елді мекенде (Ызабұлақ, Шанақ бекеті е.м. құрылыс жұмыстарына 2021 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге)құрылыс жұмыстар жүргізілуде. Нысандар 2022 жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң жалпы аудан бойынша 62 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,8 пайызды құрайды.

2023 жылы 2 елді мекен (Айнатас, Жаңаталап) ауыз сумен қамту жоспарлануда. Жалпы аудан бойынша 64 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 100 пайызды құрайды.

Табиғи газ

Ауданда 64 елді мекеннің 47-сі табиғи газ жүйесімен қамтылып, 73 пайызды құрады. Табиғи газ жүйесі жүргізілген 47 елді мекеннің 44 елді мекеніндегі 68 пайыз тұрғындар табиғи газды пайдалануда. 2020 жылы 2 нысан, 4 елді мекенді (Қақпақ, Заңғар, Сырлысай, (құрылыстың жалпы құны 1202,0 млн. теңге) Майлыошақ (құрылыстың құны 431,0 млн. теңге)) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріліп, нәтижесінде табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 51-ге жетіп, 79,7% құрайды.

2021 жылы Ызабұлақ елді мекенін газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары басталды. 2022 жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 52-ге жетіп, 81,3% құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Талдыбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында 198,8 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы 2 елді мекен (Шанақ, Ақжар) табиғи газ жүйесімен қамту жоспарланған. Жалпы аудан бойынша 55 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, 85,9 % құрайды.

Электр жарығы

Аудандағы 63 елді мекен (98,4 пайыз) орталықтандырған электр желісіне қосылған, 1 елді мекен (шалғайдағы шағын Өгем е.м.) дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.

2019-2020 жылдары 10 елді мекендегі (Рабат, Жұмысшы, Сынтас, Ащыбұлақ, Тілектес, Қарабастау, Заңғар, Сырлысай, Майлыошақ, Қазығұрт) электр қуаты жетіспейтін көшелерге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, облыстық бюджеттен 933,1 млн. теңге көлемінде 2021 жылға қаржы бөлдіруге құжаттар тапсырылып, өтінім берілді.

Ағымдағы жылы 7 елді мекеннің (Ащыбұлақ, Рабат, Сынтас, Жұмысшы, Майлыошақ, Тілектес, Қарабастау) көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысына 383,8 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Өзекті мәселе болып жатқан 14 – елді мекендегі электр энергиясы жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда сәулеттік жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Қақпақ ауыл округі Қақпақ елді мекені Қаракемер, Ынтымақ 1, Ынтымақ 2, Ж.Жабаев, Жастар, Бірінші көше, Екінші көше, Абай (6 көше) 1 көше, 2 көше, 3 көше, 4 көше, 5 көше, 6 көше, Қақпақ, Д.Қонаев, Жастар көшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы нысаны;

Қызылқия ауыл округі Айнатас, Қызылқия, Ынталы елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы нысаны;

Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы нысаны;

Тұрбат ауыл округі Қызылдихан, Өңдіріс, Еңбек, Тұрбат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы нысаны;

Қ.Абдалиев ауыл округі Рабат, Қыдырмамбет, Атбұлақ, Қызылдала, Еңбекші елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы нысаны;

2021 жылы аудандық бюджет есебінен 64,7 млн. теңгеге 4 көшеге, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен 18,3 млн. теңгеге 1 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жол саласы

2020 жылы аудандық бюджет есебінен 812,9 млн. теңгеге  55,2 шақырымды құрайтын 22 аудандық маңызы бар және ішкі жолдардың орта жөндеу жұмыстары басталып, 2021 жылы 10 жолға өтпелі кезеңмен орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы аудандық бюджет есебінен 874,2 млн. теңгеге 91,7 шақырымды құрайтын 36 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңабазар елді мекенінен 16,4 шақырымды құрайтын 10 көшеге  306,3 млн.теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджеттен               3 (Құларық, Шарбұлақ, Жігерген) елді мекендердің көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына 602,2 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ІІ-транш бойынша Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елді мекенінен 24,1 шақырымды құрайтын 10 көшеге 382,2 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар

Қазығұрт ауданы көлемінде 14 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар (полигон) бар. 14-қатты тұрмыстық қалтықтарды тастайтын орындардың құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған орта эмиссиясына рұқсаты алынған. 3 — қатты тұрмыстық қалтықтарды тастайтын орындардың құрылыс жұмыстары жүргізілген. (Қазығұрт, Шарапхана, Жаңабазар ауыл округтеріндегі).

2020 жылы облыстық бюджеттен Жаңабазар ауыл округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынның құрылыс жұмыстарына 98,0 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Қалған 6 ауыл округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындардың (С.Рақымов, Жігірген, Қарабау, Шанақ, Қақпақ, Шарбұлақ) қазіргі таңда ЖСҚ-лары әзірленген.

2018-2019 жылдары 5 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындардың (Қазығұрт-2, Тұрбат, Қ.Абдалиев, Қызылқия, Алтынтөбе) құрылыс жұмыстары жүргузі үшін аудандық бюджеттен 206,364 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Білім саласы бойынша:Қазығұрт аудан аумағында жалпы                  68 мектептің 54-і типтік 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, оның ішінде 2 апатты (П.Тәжібаева ат. ЖОМ және Т.Тула ат. ЖОМ) 2 үш ауысымды (Амангелді ат. ЖОМ және Т.Рысқұлов ат. М/Л) мектептер жұмыс істейді.

2021 жылы пайдалануға берілетін 4 нысанға (3 мектебі жоқ елді мекенге және К.Әзірбаев ат ЖОМ) типтік мектеп ғимараттары салынуда.

Аудан аумағында типтік мектеп ғимараттарын қажет ететін 11 нысанға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және тиісті құжаттары облыстық салалық басқармаларына ұсынылды.

Қазіргі таңда 3 мектептің жалпы құны 799,1 млн теңгеге апатты атанған П.Тәжібаева, 1 222,6 млн теңгеге апатты атанған Т.Тула  және 800,4 млн тегеге мектебі жоқ Сырлысай елді мекенінен типтік мектеп ғимараттарына қаржы қаралды. Сонымен қатар үш аусымды Амангелді ат. ЖОМ-не қаржы қаралу көзделуде.

  • Мәдениет саласы бойынша: 4 ауыл округіне мәдениет үйлері қажет, ауылдық клубтардағы музыкалық аппаратуралар, аспаптар мен сахналық киімдердің тозығы жеткен. Бұл мәселе бойынша наурыз айындағы бюджетті нақтылау кезінде аппаратураларға 10,0 млн. теңге, сахналық киімдерге 1,0 млн. теңге, ұлттық аспаптар алуға 1,0 млн. теңге қаралып, өз шешімін табуда. Сонымен қатар, 41,2 млн. теңгеге 2 елді мекеннен(Шанақ, Жігерген) мәдениет үйлерінің құрылысына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталуда. Қалған 2 елді мекендегі (Алтынтөбе, Сынтас)мәдениет үйлерінің құрылысы бойынша тиісті құжаттары облыстық салалық басқармаларға ұсынылды.
  • Денсаулық сақтау саласы бойынша:Орталық ауруханаға компьютердік томаграфия қажет, (рентген аппараттарының тозығы жеткен, санитарлық автокөліктердің 80 пайызға жуығы тозығы жеткен.)Ауданның 11 фельдшерлік-акушерлік пунктте, 2 медициналық пункттемедицина қызметкерлері санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сай келмейтін ескі тозығы жеткен ғимараттарда халыққа қызмет көрсетуде. Аудан халқының күн санап өсуіне байланысты тәулігіне 200 адамғақызмет көрсетуге арналған аудандық емханада тәулігіне 500-ге жуық халыққа қызмет көрсетілуде. Бұл мәселе бойынша облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізіліп,2022-2023 жылдарға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында қаржыландыратын болады.

Ауданкөлемінде Коронавирус жұқпасы бойынша 2020-2021 жыл кезеңінде 94 жағдай есепке алынған. Ағымдағы жылы індет шалдыққан  54 жағдай тіркелді.

Сонымен қатар, жыл басынан пневмония ауруымен сырқаттанған 31 жағдайдың үй ошағында, 129 адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасыныңбас мемлекеттік саниталық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1 ақпаннан тиісті контингенттерге (медицина, педагог, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау және т.б) Коронавирус жұқпасына қарсы егу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда коронавирус жұқпасына қарсы егу жұмыстары бойынша І компонентті 10610 доза келіп, 10577 адам егу алды. ІІ компонент бойынша 2160 доза келген. Егілгендер 2109 адам егу алып егулер арасындағы интервалдың уақыты сақталынуына байланысты ІІ компонент толық егілмеді.

Әлеуметтік сала бойынша:2021 жылдың 4 айында 1244 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 69 азамат жұмысқа  орналастырылды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 2128 азамат қатыстырылды.

Атап айтқанда: Әлеуметтік жұмыс орындарына 118, Жастар практикасына 130, Қоғамдық жұмысқа 714, Бизнес- идея бойынша грант  52, Бос жұмыс орындарына  жұмысқа орналастыру 1114 адам. 

Аудан бюджетінен тұрғын үй көмегіне471 отбасындағы 2500 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 18398,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді.

1793 отбасындағы 10260 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 239000,0 мың теңге төленсе, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларындағы 1-6 жасқа дейінгі 2465 балаға 66213,5 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалып, қамтамасыз етілді.

2021 жылы жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге көңіл бөлініп, аудандық бюджеттен жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшімен қамтамасыз ету үшін қаралған 45 448 000,0 теңге қаржыға жеке көмекшілердің айлық жалақысын ұлғайтуға қосымша 27755,0 мың теңге және мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 11965,0 теңге қаржыбөлінді.

Құрылыс саласы бойынша: аудан көлемінде жалпы 748 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде. 66 жетім балалар,198 көп балалы, 397 әлеуметтік аз қамтылған, 86 бюджеттік, 1 апатты үйде тұратын азаматтар.Бұл мәселе бойынша қазіргі таңда 16 пәтерлі 1 қабатты 8 тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға ұсынылды.

Алдағы уақытта, тұрғын үй мәселесін шешу бойынша ауданның бас жоспарына сәйкес, Шығыс мөлтек ауданы инфрақұрылымын кезең-кезеңімен іске асыру арқылы, тұрғын үйлер салып, тұрғын үй кезегін шешу жоспарлануда.

Жер саласы бойынша: аудандағы жалпы жер көлемі 409 304 гектар болса, оның ішінде 275598 гектар ауыл шаруашылығы саласындағы жерлер. Үстіміздегі жылы 3199 га жайылым жерлер ауданның арнайы қорына қайтарылды. Іс-шара жоспарына сәйкес жыл соңына дейін 3500 га жайылым жерлер қайтарылатын болады. Осы орайда біраз жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе Қарабау ауыл округіндегі «Қарабау ТӨШ» ЖШС пайдалануындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл округ тұрғындарына пай үлесіне бөліп беру. Осы көтерілген мәселе бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінен комиссия құрылып, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру оралығы» коммерциялық емес АҚ басшысы А.Төреханов және департамент директоры Қ.Шайжановтар 2020 жылдың 9 желтоқсанында комиссия құрамында келіп, тұрғындармен кездесіп, мұқтаждарын тыңдап, нәтижесінде Жұмысшы, Сынтас, Қарабау елді мекендерінен үш кооператив құру жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізуге келісім жасалған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы министрлігінен жауап күтілуде.

Түркістанды түлету бойынша

Қазығұрт ауданына №6-сектор(9 көше, жалпы ұзындығы 8 шқ.) бекітіліп берілген.

Жалпы алынуға тиіс 22 дана мемлекеттік актының 19-ы алынып, 3-і жапсырма (накладка) болып орналасқан. Ағаш егілетін көшелердің барлығы тегістеліп, 760 м3  құнарлы топырақ төселді. Бүгінгі таңға дейін 7559 дана ағаш отырғызылды. Жібек Жолы мен 7 маршруттың көшесіне қосымша жоспардан тыс 440 можжевельник егілді (жоспар артығымен орындалды). Жоспардағы 5 ұңғыма қазылды.  3 трансформатор орнатылып, электр желісіне қосылды. Көшеттерге тамшылатып суғару жүйесі толығымен орнатылды (су ұңғымаларын қосу жұмыстары жүргізілуде). Барлық көшеттер толық ақталып бітті. Көшеттерге паспорт дайындалуда.                            

Қазіргі уақытта көшеттерді 2 су тасымалдаушы автокөлігімен (водовоз) тыңыйтқыштарды араластырып 2 ауысыммен суғару жұмыстарын жүргізуде.

Ұялы байланыспен қамту бойынша

Қазқстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігі халық саны 250+ адамды құрайтын елді мекендерді ұялы байланыс, интернет желілерімен қамту жобасы бойынша:

2020 жылы Қазығұрт ауданына қарасты 11 елді мекенге ұялы байланыс желісін орнату жобаға еніп қазіргі таңда 10 елді мекен қамтылып, 1 елді мекен жыл соңына дейін қамтылу жоспарда бар.

2021 жылы Қазығұрт ауданына қарасты 14 елді мекенге орнату бойынша Қазқстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігіне ұсынылған. Алдағы уақытта Минстрлік пен ұялы байланыс операторлары арасында келісім шарт түзіліп, ұсынылған елді мекендер ұялы байланыспен қамтылатын болады.

Жоғарыда атап өткен өзекті мәселелер ауданның даму бағдарламасы шеңберіндеөз шешімін табатын болады. Ауданның  2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы4 бағыт бойынша 35 индикатор мен 5 нәтиже көрсеткішінен тұрады. Бағдарламаның толық орындалуы нәтижесінде:

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

— Өнеркәсіп өнімінің көлемін 9 500,0 млн. теңгеден, 11 500,0 млн. теңгеге;

— Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемін 65 612,1 млн. теңгеден 110 325,8 млн. теңгеге;

— Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 100,0%-дан 104,0%-ға;

Ауыл шаруашылығы бойынша:

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексін 105,0%-дан 106,0%-ға;

Білім саласы бойынша:

  • Аудандағы үш аусымдық және авариялық мектептер санының жоюға;

Жұмыспен қамту саласы бойынша:

— Жұмыссыздық деңгейін  5,9%-дан  5,4%-ға төмендетуге;

Спорт саласы бойынша:

— Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуын31,8%-дан 45,1%-ға;

Қауіпсіздік саласы бойынша:

— Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 16,0%-дан 15,6%ға;

Инфрақұрылым бойынша:

— Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 100,0%-дан 102,0%-ға;

— Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергіліктімаңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 54,8%-дан73,6%-ға;

— Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 93,9%-дан100,0%-ға қол жеткіземіз.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 4 айындағы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де оң көрсеткіштерге ие.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылы 4 айда 3551,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 1103,9 млн. теңгеге өнім көлемі артты. (2020ж. 4 ай 2447,5 млн.тг)

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4 айда 3854,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1528,9 млн. теңгеге артты. (2020ж. 4 ай 2325,5 млн.тг)

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4 айда 9164,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 1 030,9 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2020ж. 4 ай 8133,8 млн.тг).

 Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өнім көлемі 4 айда 15967,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2011,6 млн. теңгеге артты. (2020ж. 4 ай 13956,2 млн.тг)

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны да едәуір артып, 9423-ке жетті. Оның ішінде 9251-і белсенді қызмет атқаруда. Қазіргі таңда бұл салада 13780 адам қызмет атқаруда.

Жоғарыда аталған біршама мәселелер өз шешімін тапқанымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін көптеген жұмыстарды атқаруымыз қажет.