Бүгін Арыс аудандық сотының ғимаратында судьялар мен сот мамандарына арналып Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының тренерлері «Жеке құзыреттілікті дамыту» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры, мемлекеттік басқару магистрі, жобалық аналитик, тренер Айнұр Идрисова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректор өкілінің кеңесшісі, Менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, PhD Алмас Құралбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, ғылым магистры Нұрбай Досанов арнайы қатысып, сот қызметкерлеріне ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіріп, тренингтік сабақтар жүргізді.Атап айтқанда, мамандардың жеке құзыреттіліктерін дамытудағы дағдылары мен әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы және қызметтегі тәртібі бойынша көпшілікте сөйлеу, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізудің нормаларын тілге тиек етті.Айта кетейік семинарда тимбилдинг, стратегиялық тренинг, ойлау дизайны, көшбасшылық, эмоциялық интелект, тайм менеджмент бойынша дәрістер оқылды.Семинар соңында Арыс аудандық сотының төрағасы С.Умаров дәріс жүргізген тренерлерге сот ұжымы атынан өз ризашылығын білдіре отырып, алғыс айтты.
Арыс аудандық соты