Сайрам Ауданы Мансап Орталығы және Жастар Ресурстық Орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, «12 тамыз — Халықаралық Жастар Күніне» орай, аудан жастарына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Аталған жәрмеңкеде «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ә.Төлегенов пен Мансап орталығының директоры А.Казанкапов, аудандық мәслихаттың депутаты Д.Анартаев және Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлетіп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Е. Киргизов жұмысқа жүгінген жастарға ауданда 24 жұмыс берушіден 68 бос жұмыс орны бар екенін атап айтты.
Жәрмеңкеде жастарға 68 бос жұмыс орыны ұсынылды. Сала мамандары жұмыс іздеушілердің мүддесін көздей отырып, шара барысында жалақы, еңбек шарттары мен қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұматтар берді. Жәрмеңке сондай-ақ қалалық «Жастар Ресурстық» орталығы және «Жастар рухы» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Жұмыспен қамтуға бағытталған шара бірінші кезекте халықтың мүддесін көздейді. Мақсат — жұмыс берушілерді тарта отырып, жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектерін еңбекпен қамту. Жәрмеңкеде білім беру, медициналық, техникалық, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі мен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша 68 уақытша және тұрақты бос орындар ұсынылды. Жұмыс беруші 24 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырып, мансап жолын бірге бастауға шақырды.
Жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жәрмеңкеге жалпы 43-ке жуық жас қатысып, оның ішінде, 22 жасқа «Жастар практикасы», бағдарламасымен жолдама берілді.
Жұмысқа жолдама алған жастардың көңілі керемет қуанышқа кенеліп, өз кезегінде, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ақжарма алғыстарын айтты.
Айта кетейік, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.