Ауласында есірткі өсірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Еңбекші аудандық сотында 55 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз үйінің ауласында 1 түп есірткі өсіріп, жеке өзі пайдалану үшін оны күтіп-баптаған. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, үйінің ауласында өсіргенін және бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.

         Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігінде (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылауда болады.

         Елімізде соңғы уақыттарда есірткімен күрес қатты күшейіп келеді. Республикамыздың әр аймағында күніне бірнеше оқиға тіркеліп жатады. Олардың бәрі есірткімен айналысып, тіпті, жасырын өсіріп отырғандары да бар. Адам баласынан айла артылар емес. Бірақ солардың бәрі де қандай айла жасаса да, қолға түсіп, тиісті жазаларын алып отыр. «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы» қатал сақтап жүрген тәртіп сақшылары мен әділет саласының қызметкерлері аянбай еңбек етіп жүр.

Мемлекеттің нашақорлықпен, есірткімен, темекімен күресі күшейіп жатыр. Дегенмен осы бір зиянды дүниеге алданып, жетегінде кеткендер де аз емес. Олар әр жолы әртүрлі жол тауып кетіп те жатады.

         Қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен таралған синтетикалық есірткіні анықтау және жолын кесу бойынша бөлек жұмыстар жүргізілуде. Жедел іс-шара қылмыстық ниет басталған жерден бастап жүзеге асырылады: жергілікті полиция инспекторларымен, сонымен қатар көпшіліктің белсенді бөлігімен, есірткілерді басып шығаратын жарнамалар қолданылатын жерлерде, жекелеген қылмыстық топтарға арнайы іс-шара жүргізіліп, сонымен қатар, қылмыстық әрекетті жалғыз өзі жүзеге асыратын дилерлерді ұстау, есірткі сатуға арналған ресурстарды анықтау үшін ғаламтор кеңістігі белсенді түрде бақыланады,- дейді мамандар.

Ntime.kz