Ауыл азаматтары билік өкіліне арыз айтты

Қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрлысы 2021-ші жылы басталып аяқсыз қалды. Ордабасы ауданындағы ауқымды жобаға мемлекеттен қаржы бөлінбей қалған болатын. Игі жобаның жүзеге асуын қалаған аудан тұрғындары өтінішін бұл жолы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке жеткізді. Вице-министр өңірге Жергілікті өзін –өзі басқаруды дамыту туралы заң жобаларын таныстыру мақсатында келген болатын.

         Бұл кешенде жалпы ірі 3 ғимарат бой тіктеу керек еді. 126 келушіге арналған көрме залы,  48 орындық қонақ үй және амфитеатр түрінде салынатын спортзал. Өткен жылғы есеп бойынша жобаның құны 1 млрд 375 млн теңге болатын. Десекте ауқымды құрлыс алғашқы нысанның ірге тасы қалануымен шектелді. Ауыл іргесіндегі тоқтап қалған жоба жергілікті тұрғындарды қынжылтып отыр.

         Аудан тұрғындары осы өтінішін вице-министрге жеткізді. Ордабасылықтардың ойы кешен ертерек бой тіктесе . Дегенмен жоғарыда қаралған жоба қайта қайтарылған. Бауыржан Омарбековтың ойы нысандардың бәрін бірдей емес  кезең кезеңімен соғу. Осындай ұсыныс қолдау табатынына сенімді.

         Халық кезеңді күтіп жүргенде кешеннің қалған құрлысы аяқсыз қалама деп қорқады. Жұртшылықтың ойын Ордабасының су жаңа әкімі Нұрбек Бадрақовта қолдап отыр.

Қалай десекте ордабасылықтардың ойын вице-минстр тыңдады. Кешеннің тағдыры келешектің еншісінде. Түйінді жоғарғы жақ қояды. Бірақта қазақтың атын әлемге танытқан палуан баба атындағы кешен бүкіл облыстың көркін ашпаса кемеліне кемшілік келтірмейді. Спорт мектебі қалыптасқан ауданннан әлі талай чемпиондар шығатынына сенім мол.

Ntime.kz