«Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мобильді топ Түркістанға бет бұрды

Аманат партиясы 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыруды көздейді. Осы бағытта арнайы арнайы бағдарлама түзілген. «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мобильді топ Түркістанға бет бұрды. Еліміздің 7 облысын аралаған ақпараттық мобильді топ облысымыздағы кездесуін Сауран ауданынан бастады. Аудан халқына бұл жобаның ерекшелігі мен маңыздылығын түсіндірді.

         Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Аманат партиясы бірлесіп 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын қолға алған. «Ауыл аманаты» жобасы халықты жұмыспен қамтып, еңбек табысын арттыруды көздейді. Сонымен қатар  ауыл азаматтарын агробизнеске тарту, тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау, елдімекендердің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.

         Халықтың табысын арттыру бағдарламасы, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған. Сондықтан кез-келген жобаны жүзеге асыру кезінде тұрғындарға қандай пайда әкелетіні туралы саралау керек. Жергілікті биліктің ауыл әкімінен бастап өңір басшысына дейінгі міндеті – АӨК қолдау көрсету, ауыл шаруашылығының оған жатпайтын түрлерін дамыту бойынша шаралар қабылдау.

         Жиын барысында жергілікті тұрғындар ақпараттық топ мүшелеріне өз ұсыныстарын жеткізді. Кәсіп бастау үшін пайызы төмен несие қажет екенін айтты.  

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіндіктерімен қатар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін де шешеді. Бұл бағдарлама 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде басталған. Содан бері оң нәтижесін беріп, ішкі өнім көбейген. Жаңа жоба Республикалық деңгейде 2023 жылы іске асырылатын болады.

Ntime.kz