2022 жылдың 31 қазан күні Түркістан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің «Құқықтану» мамандығында оқитын ЗҚТ-0921-1 тобының студенттері мен арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзованың жетекшілігімен ашық есік күніне барды.
Кездесу барысында бөлім басшысы Ә.Серікбаев білім алушыларға Түркістан облыстық соттың құрылу тарихы мен осы сотты басқарған төрағаларымен таныстырды. Сонымен қатар Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Байтуарова соттың қызметіне тоқталып, қазіргі уақыттағы сот төрелігін асырудағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында Соттар Әкімшісінің әр құрылымдылық бөлімшелерінің қызметтеріне тоқталып, соттардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға құжат тапсыру, конкурстан өту тәртібі туралы ақпарат берді.