«Ашық әкімдік» халықпен байланыстың боямасыз көрінісі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы Омаровтың төрағалығымен «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі» комиссияның кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға облыстық Цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы Өтебаев қатысты. Онда басқарма басшысы «Түркістан облысы әкімдіктерінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» баяндама жасады.

         Жалпы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес, ағымдағы жылы әкім блогына 133 өтініш түскен болатын, оның 126 өтінішіне жауап беріліп, қалған 7 өтініш қазіргі таңда қарастырылуда тұр. 

         Интернет-конференциялар  мен     сауалнамалар   өткізу бойынша 2021 жылы әкімдік 5 сауалнама және 8 интернет-конференция өткізді.
Ағымдағы жылы 15 интернет-конференция мен 15 сауалнама өткізу жоспарланған.

         Сондай-ақ, ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу бойынша облыс әкімінің аудан, қалалардағы есептері «Youtube», «Facebook» және облыс әкімдігінің «ресми сайтында» орналастырылып отыр.

Жобаның мақсаты – тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету және жемқорлықтың алдын алу. Яғни, бұл жерде әр бөлімнен жауапты мамандар кезектесіп , тұрғындар сауалына жауап береді. Осылайша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі де азаяды

Ntime.kz