Кәсіпкерлік табыс қаржыландырумен ғана есептелмейді. Істің идеясы мен оны дұрыс уақытта әрі жерде орындалуы дәл сондай мыңыздылыққа ие. Жергілікті қауымдастық пен билік органдарымен келісімшарттарға отыру, бизнестегі заңнама мен үлгілерді білу табысты бастаудың құрамдас бөліктеріне жататыны сөзсіз. Осының барлығын “Байтақ жер” жобасы қарыздар байқауының жеңімпаздары болып атанған ақмолалық кәсіпкерлер жақсы біледі.
Жарты жыл бұрын ақпан айында Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте екі жыл қатарынан іске асыратын “Байтақ жер” жобасының қатысушылары арасында қарыздар байқауы аяқталды. 2023 ж. күзінен бастап туристік бизнес жүргізу негіздерін онлайн және офлайн оқыту курстарында меңгерген 40 кәсіпкердің 22-сі негізгі додаға өтті. Байқау нәтижесінде өз жобаларын эко-, этно-, агротуризм саласында іске асыру мақсатында тоғыз кәсіпкер екі жылдық мерзімге 2-6 млн теңге мөлшерінде пайызсыз қарыздарға әрі «MOST» бизнес-акселераторының сарапшылар трекиңіне иеленді. Қол жеткізген қомақты нәтижелермен қарыздар байқауы жеңімпаздарының кейбіреулері бұдан бұрын бөліскен болатын, қалғандары өз табыс тарихын төменде баяндайды.
Ақкөл ауданындағы “Лагуна Акколь” демалыс базасының иесі Ғалия Ысқақтың сөзінше, 4 млн мөлшерінде алынған қарыз көшет егуге, жарықтандыру мен балалар алаңын ұйымдастыруға, үстелдер мен караоке сатып алуға жіберілген.
– Жобаны іске асыруға дейін демалыс базасы келушілерді қабылданбады. Қазір апта сайын базамызға 15-25 адам келіп тұрады. Қонақтарымызға тимбилдиң ұйымдастыру, караоке, балалардың көңіл көтеру қызметтерін ұсынамыз. Адамдар балық аулау, велосипедпен жүру, атқа міңу, орманға бару әрі отбасылық меркелерді тойлау секілді сұраныстармен келеді. Жақын арада монша құрылысын аяқтаймыз. Бизнесіміздің үлгісі шағын және орта бизнеске қолдаудың ететін ықпалы қаншалықты маңызды екенін аңғарады.
Астанаға жақын Еңбек ауылындағы “АUYL-PARK” агротуристік стартаптың авторы Жұма Нұрғалиева ауылдық өмірге, шаруашылыққа қызығушылықтарын танытатын келушілердің санын өсуін байқады. Оның сөзінше, қарыз жобаның туристік инфрақұрылымын жақсартуға, монша салуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесті.
– Туристердің мөлшері 20-30%-ға ұлғайса, табыс 25%-ға дейін өсіп кетті, – дейді ол.
– “Байтақ жер” жобасына қатысу біз үшін саяси жағынан маңызды болды. Себебі, жобаның көрсеткен қолдауы арқасында біз стартабымыздың дамуы үшін шешуші рөлге ие жер мен инфрақұрылым сұрақтарын жергілікті деңгейде тиімді шеше алдық, – дейді “Seven hills” барлық маусымдық шаңғы базасының астаналық иесі Ләззат Батырқожа. – Жоба кеңесшілерімен бірге біз егжей-тегжейлі жоспар құрастырып, дамуымыздың келесі қадамдарын жасап, оны іске асыруда қолдауға ие болдық. Базамыздың дамуына үлес қосатын басқару компаниясымен меморандумға қол қойдық.
Күзгі уақытта Ләззат қарыз қаражатына сатып алынған көтергіш жабдықтарын орнатар. Осы кезде әкімшілік-шаруашылық кешен де өз жұмысын бастайды.
Көкшетаудағы “Буррата” ірімшік компаниясының басшысы Эльвира Мұқашева жобаға қатысу арқасында өнімдерін сертификаттауға бет бұрды. Бөлінген қарызын арнайы ғимарат жөндеуге, жабдықтарды сатып алуға жұмсады. Баян Сковородникова қарызын Зеренді ауданында «ORDA ZEREN» демалыс зонасының жағажай инфрақұрылымын ұйымдастыруға бағыттап, қонақтарды қабылдай бастады. Целиноград ауданының этнографы Алтынай Тәңірберген жабдықтарды сатып алып, қазақ киіз үйлерін қайың шпонынан «QAZAQ UY» отбасылық бизнесі негізінде өндіре бастады.
Бұның барлығы — қаржыландыруы аса ірі емес, алайда бағдарламасы кәсіпкерлер қажеттіліктерін ескеріп құрастырылған жергілікті жоба қатысушылары жетістіктерінің бір ғана бөлігі.
Ақмола облысындағы эко-, этно-, агротуризмді дамытуға бағытталған «Байтақ жер» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылады. Жобаның І кезеңінің алты жеңімпазы өз жобаларын іске асыруға арналған пайызсыз қарызға ие болды. Жобаның ІІ кезеңіне қатысуға ниетін білдірген 73 кәсіпкердің 40-ы оқыту курсынан өтіп, олардан ақпанның соңында өткізілген қарыздар байқауы нәтижесінде 9 жеңімпаз іріктелді.
“Байтақ жер” жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz ресми сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Елена Гаркава