Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 02-06 қыркүйек күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Астана қаласына іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Cүлейменов Жандаулет Отарбайұлы — «Sapsan» стратегиялық орталығының директоры, теолог, Разақ Нұрмұхамед Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, Алға ауданы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психологы, Арман Нұрахметұлы – Астана қаласы діндерді зерттеу орталығының теологы, Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы – PhD доктор, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласында болды. Олар халық арасында «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Дін және қоғам» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында студенттерді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, мешіт жамағаты және т.б. топтар қамтылды.