Жас балуандар боз кілемде белдесті

балуандар

Шымкент қаласында тұңғыш рет джиу-джитсу спорт түрінен «AJP Shymkent International» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекістан, Қырғызстан, Азербайжан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 250 ден астам спортшы қатысуда.

Джиу-джитсу Жапония жекпе-жектердің аса көне жүйелерінің бірі болып табылады. Джиу-джитсу – терең тамыры бар және өзіне Шығыс халықтарының (Жапонияның, Қытайдың, Кореяның, Монғолияның және т.б.) жауынгерлік өнеріндегі дәстүрлі түрлерінің аса тиімді элементтерін сіңірген жауынгерлік өнерінің бір түрі.Дамуы көне әскери ғылымы мен қарудың дамуымен тікелей байланысты болған, қытай жауынгерлік өнерлері джиу-джитсудің қалыптасуына аса ықпал тигізген.

—Бүгінгі джиу-джитсудан өтіп жатқан халықаралық турнирге 6 жастан 16жасқа дейінгі спортшыларымыз қатысуда. Өздеріңізге белгілі бұл спорт түрі Азия ойындарының бағдарламасында бар. Сол олимпиядаға шыңдап спортшыларымызды дайындау мақсатында осы турнирді ұйымдастырып отырмыз. Бұған дейін Астана қаласында өткен. Жалпы еліміздің бес қаласында өтіп, соңғы турнир Абу-Даби қаласында өтеді, — деді Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбеков.

Джиу-джитсу спорт түрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға, шыдамдылыққа, өзара қарсыластарын құрметтеуге және де достық қатынасты нығайтуға зор септігін тигізеді. Бүгінде Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрімен 200 ден астам спортшы айналысады. Бапкерлердің айтуынша бұл спорт түріне қызығушы балалар саны жылдан-жылға артып келеді. Джиу-джитсу спорт түрінен өтетін «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі ертең де жалғасын табады.

Айта кетейік, Бүгін джиу-джитсу өнері қайта жаңарып жатыр, сонымен қатар қол жетерлік нәтижелерге қол жеткізу үшін ұзақ және табанды жұмыс талап етілетіне қарамастан, осы көне жапондық күресінің түрімен айналысатын жауынгерлік өнерімен айналысуға жақсы көретін адамдар саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұдан басқа, джиу-джитсу – бұл қарулы және қарусыз қарсыластан қорғалуға арналған тәсілдер жүйесі екенін есептей отырып, жауынгерлік өнерінің осы түрі ІІМ, полицияның, қауіпсіздік қызметтердің, әскерлердің және флоттың арнайы бөлімшелерін дайындауға кең қолданылады.