Тазалық – баршаға ортақ

баршаға

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы барлық жерлерде тазалық жұмыстары басталып кетті.

Бес аптаға созылатын науқанға үшінші мегаполис тұрғындары барынша қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда.

Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл ауқымды іс-шара Қаратау ауданында да жүзеге асуда. Іс-шара барысында барлық ауданға қарасты елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының, «Нұрсәт» шағын ауданы аумағын тазалап, қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын – Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағамбетов, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты.

Жалпы, еліміз бойынша өтіп жатқан акцияның мақсаты қаланы көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару.

Осы орайда қаратаулықтар «әр ай сайын тазалық акциясын өткізіп отыру керек. Сол кезде қаламыз да, ауданымыз да тазарып, жайнай түседі»-дейді.