Түркістан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла салалық кәсіподақ ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын шешудегі кәсіподақ ұйымдарының тиімді қызметін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мен қарауға, Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жыл» деп жариялануына орай, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойып, тиімді шешу жолдарын айқындады.
Жиында күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты Сауран аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибадулла Исатаевтың баяндамасы тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Өз кезегінде облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла еңбек қатынастарын реттеу және білім беру ұйымдарында жасалған ұжымдық келісім шарттарының көп бөлігі ұйымдардың жұмысын тұрақтандыруға бағытталатындығын назарларына жеткізе отырып, ұжымдық келісімдердің маңыздылығын атап өтті.
Бұдан бөлек қатысушылар білім саласында еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне сауықтыру орындарына жолдамалар ұсыну мәселелерін талқылады.