«Денсаулық саласын дамыту» мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі.
Халыққа медициналық көмек көрсету емдеу мекемелерінің меншік түріне қарамастан, клиникалық хаттамалармен, стандарттармен және тағы басқа елімізде қабылданған нормативтік құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. Дәрігерлердің сапалы медициналық қызметінен бөлек, емханада пациенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасалуы керек. Бүгінгі таңда емханаларда медициналық қызметтердің сапалылығы мен мекемеге келушілерге қолайлы жағдай жасау жіті назарда.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек №2 емханаға барды. Басқарма басшысы емдеу мекемесіндегі мемлекеттік қызметтерді, аурулардың алдын алу (скринингтерді орындау, дәрігерге дейінгі кабинеттерді жарақтандыру және т.б.), акушерлік-гинекологиялық көмектің, дені сау бала кабинеттерінің, егу кабинеттерінің жұмысымен танысып, емханадағы проблемалы мәселердің шешу жолдарын талқылады.
Емханада ересектер мен балаларға амбулаторлық емханалық медициналық көмекті негізгі мамандықтар бойынша көрсетеді. Емханада 350 аса адам жұмыс iстейдi, оның ішінде 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер.
Көпфункционалды, жаңа үлгідегі емханада жұмыс істеу медициналық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды талап етеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек 13 педиатриялық, 32 жалпы тәжірібиелі учаскелерде жүргізіледі.
Басқарма басшысы Н.Асылбеков емхана бас дәрігеріне іргелес аумақты абаттандыру, кадрлық жұмыс, денсаулық сақтау мекемесіне келушілер үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар беріп, медициналық қызмет сапасын арттыруды тапсырды.