Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына сапары барысында еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген шаңыраққа арнайы барды.
ҚМДБ Төрағасы сәбидің ата-анасы Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетоваға сый-сияпат көрсетіп: «Балапандарыңыздың бауы берік болсын! Көз-қуаныштарыңыз болып өсе берсін. Атына заты сай азамат болғай» деп батасын берді.
Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген мерейлі 5 сәби Ұлытау , Жетісу, Ақмола, Түркістан және осы Атырау облыстарында дүниеге келген болатын. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Барлығы да 2023 жылдың 14 қараша күні таңғы сағат 8:10-да дүние есігін ашты. Берік Жұмағазиев пен Айдан Оразымбетованың отбасында өмірге келген сәбидің есімі – Мұхаммед.
ҚМДБ