Бақытты балалар — бейбіт елдің тірегі

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақбиік ауылдық округінде орналасқан Т.Иманбеков атындағы ЖОМ-де Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Қоғамдық келісім» Түлкібас аудандық филиалы, Ақбиік ауылдық округі аналар кеңесінің және аталмыш мектептің ұйымдастыруымен « Бақытты балалар– бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға аудандық Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Қоғамдық келісім» Түлкібас аудандық филиалы, Ақбиік ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы С.Қасқабаева, Рысқұлов ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы У.Аманова және Аналар кеңесінің мүшелері, Т.Иманбеков атындағы ЖОМ-нің директоры Н.Иманбеков, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Мерекелік шарада мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, би биледі, ән айтты.

Ақбиік ауылдық округі және Рысқұлов ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымдары балаларға арналған ізгі тілектерін айтты. Сондай-ақ, мерекеде балаларға түрлі сый-сияпаттар жасалып, ойыншықтар үлестірілді.