Безгек – бұл қауіпті инфекциялық ауру, негізгі таратушы Anopheles тобына жататын масалар деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз орталығы.
Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алып, әрі қарай сау адамды шағып, оның қанына сілекей арқылы безгек паразитін түсіреді. Иелерінің – маса мен адамның – ағзасында безгек паразиті өмір топтамасының тиісті сатыларынан өтеді. Сонымен қатар, бұл ауру, безгек ауруын жұқтырған қан құйылған кезде, инфекцияланған қанмен қарым-қатынаста болғанда, анадан құрсақтағы сәбиге жұғады. Аурудың ең ауыр түрі тропикалық безгек, оның 40% жағдайы өлім-жітіммен аяқталады. Безгек Азияның 100 ден астам елдерінде, Африкада, Оңтүстік Америкада, ТМД елдерінде – Тәжікстанда және Азербайжанда тіркеледі. Мысалы безгектің жоғары жұқтыру қауіпі бар аймағында ғаламшардың 40% халқы тұрады. Әлемде жыл сайын 350 миллионнан 500 миллионға дейін адам безгек ауруын жұқтырады, оның 1 миллионнан 3 миллионға дейіні осы аурудан көз жұмады. Ерекше осал топ 5 жасқа дейінгі балалар болып табылады.
Қазақстан Республикасына жыл сайын безгек ауруын бірен-саран сырттан әкелінген және безгек ауруы бойынша сәтсіз елдерден: 2015 жылы Нигерия, Үндістан және Египет елдерінен, 2014 жылы Пәкістаннан, 2010 жылы БАЭ және Африкадан паразит тасымалдауымен енгізілген жағдайлар тіркелген. Атырау облысында соңғы рет қаңтар айы 2019 жылы Нигериядан әкелінген жағдайы тіркелген.
Шет елдерге шығатын тұлғалар мыналарды естерінде сақтаулары қажет:
— туристтік сапарға шығарда елді таңдау үшін саяхатты ұйымдастыратын туристтік фирмалардан,онда безгек жұқтыру қауіпі бар болуы туралы ақпарат алуды;
— елде болу кезінде репеллентер пайдалану (жәндіктерді қорқытатын құралдар), оны дененің ашық жерлеріне жағу, сонымен қатар оны киімге сіңдіру.
— безгек бойынша қолайсыз елдерден келген соң 3 жыл ішінде қандайда бір дене қызуы көтеріліп ауырған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.